Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЕЛБАСЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢҒА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ


Заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдары Қазақстанда нарықтық экономиканың берік институционалдық негіздері қалыптасқанын айтты.
– Жеке бастама мен еркін кәсіпкерлік еліміздің экономикалық дамуының және әл-ауқатымыздың артуының басты факторына айналды. Біздің реформаларымыздың табыстылығы мен тиімділігінің жарқын мысалы ретінде Астананы айтуға болады. Оның 20 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстан атап өтуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті қол қойылатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның маңыздылығын ерекше атап өтті.
– Енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Құқық бұзушылықтың алдын алатын профилактикалық бақылау институтына баса мән берілген. Табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан көрсетілетін қызметтер реттеледі, – деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бизнес шығындарын жаппай төмендету үшін заңда қарастырылған шаралар жөнінде және бәсекеге кедергі келтіретін нормалардың алынып тасталғаны туралы айтты.
– Осы заң арқылы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өзгеріс енгізіліп отыр. Осы өзгерістердің бәрінің діттеген мақсаты бизнесті дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің басты стратегиялық бағытына толық сай келіп отыр. Қазіргі уақытта іскерлік белсенділікті күшейту және жұртшылықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану аса маңызды, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөз соңында Қазақстан Президенті бүгінде жүзеге асырылып жатқан «Бес әлеуметтік бастама» шағын және орта бизнес үшін зор мүмкіндік туғызып отырғанын атап өтіп, осы заңның қабылдануы халқымыздың игілігі жолында елдегі кәсіпкерлік қызметті жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді.
24 мамыр 2018 ж. 718 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области