Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БІРҚАТАР ЗАҢДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БІРҚАТАР ЗАҢДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ


    Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
    Заң мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған.
    Мемлекет басшысы бағалау қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»  заңға және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Құжат заңнаманы «ҚР-дағы бағалау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіруге бағытталған.
    Сондай-ақ, бүгін Президент «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан-Түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды.
    Бұған дейін Н. Назарбаев Жәбірленушілерге өтемақы қорынан біржолғы ақша төлеу арқылы қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» және «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды.
    Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

12 қаңтар 2018 ж. 809 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области