Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ ЖЕҢІЛДІГІ БОЙЫНША АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ БЕРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЕЛБАСЫ БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ ЖЕҢІЛДІГІ БОЙЫНША АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ БЕРУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ


    Н.Назарбаев «Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы» Жарлыққа қол қойды.
    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  
    Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы
    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
    1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жыл сайын өткізу белгіленсін.
    2. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық тағайындалсын.
    3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
    4. Қоса беріліп отырған: 1) Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидалары; 2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
    5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
    6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.   
    Қазақстан Республикасының
    Президенті
    Н.Назарбаев Астана, Ақорда,
    2017 жылғы 24 қараша               № 590

28 қараша 2017 ж. 681 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области