Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ОБЛЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫН АСТАНА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЕЛБАСЫ ОБЛЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫН АСТАНА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтан облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың атына құттықтау келіп түсті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Сізді және бүкіл Қызылорда облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.
Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.
Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы да ерекше сый жасады.
Зымырандық-ғарыштық техниканың ашық аспан астындағы музейі Қазақстанның ғарыш саласында жетекші мемлекеттердің бірі екенін айғақтайтын тамаша тарту болды.
Сыр өңірі жұртшылығының бұл сыйлығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі көрнекті орындардың біріне айналатынына сенімдімін.
Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және бүкіл Қызылорда облысының тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін».
11 шілде 2018 ж. 733 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области