Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР Президенті қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді атады

ҚР Президенті қазақстандықтарды толғандыратын мәселелерді атады

Бүгін Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын толғандыратын өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік зерттеу қорытындысы белгіленген алты проблеманың арасында бірінші орында коммуналдық қызметтердің жоғары құны тұрғанын көрсетті», - деді Елбасы.
Мұнымен қоса, Президент қазақстандықтарды толғандыратын мәселелердің ішінде қымбат медициналық қызмет көрсету мен білім беру, сондай-ақ білім саласының сапасы бар екенін атап өтті.
«Осылардың барлығын біз зерделеуіміз керек. Жолдау аясында халықтың әл-ауқатын, ең төменгі еңбекақыны көтеретіндігімізді, тұрғын үй құрылысы тақырыбы, газ тарту бағыты аталып өтті. Осы жұмыстар елдің әл-ауқатын көтеруге негізделіп отыр», - деді Н. Назарбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров коммуналдық тарифтер саласына жүргізілген тексерудің нәтижесін жариялады.
«Астанаэнергосбыт» негізсіз тарифтің арқасында елорда тұрғындарынан 2,6 млрд теңгеге артық қаржы алғаны мәлім болды.

07 қараша 2018 ж. 577 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области