Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ БАС ПРОКУРОР ҚАЙРАТ ҚОЖАМЖАРОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ЕЛБАСЫ БАС ПРОКУРОР ҚАЙРАТ ҚОЖАМЖАРОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі және бұған дейін жүктелген тапсырмалардың орындалуы жөнінде есеп берілді.
Елбасы прокуратура органдарына азаматтар құқықтарының, заңды мүдделерінің сақталуы және заңнамалардың орындалуы үшін жоғары қадағалауды жүзеге асыру міндеті қойылғанын айтты.
«Бүгінде еліміздегі заңдылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрі іске асырылды. Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен сот жүйесі реформаланды, тиісті заңдар қабылданды, соның ішінде бизнесті негізсіз тексерістерден қорғау туралы мәселе де қамтылды. Соларды тек сапалы орындау қажет», - деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы сотталғандар саны 35 пайызға азайғанын айтты.
Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеп, осы іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін атап өтті.
«Прокуратура органдары тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Биылғы алты айдың ішінде еңбек құқықтарының сақталуы, жер қатынастары, тарифтік заңнама салаларына тексеру жүргізілді, нәтижесінде үш миллионнан аса азаматтың құқықтары қорғалып, қайта қалпына келтірілді», - деді Қайрат Қожамжаров.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
09 тамыз 2018 ж. 555 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области