ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган екеніне тоқталып, оның әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.
– Парламенттің, еліміздегі мемлекеттік органдардың қабылдаған бүкіл заңдары мен нормативтік құқықтық актілері Конституция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.