ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Л.Прокопенконы қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясын өткізуге әзірлік барысы жөнінде баяндалды.
Л.Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайындық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мәлімдеді.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.