Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ


    Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен әскеріміздің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері бойынша 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндалды.
    Нұрсұлтан Назарбаев армиямыз құрылғаннан бергі 25 жыл ішінде аумақтық тұтастығымыздың, мемлекетіміздің экономикалық тұрғыдан өркендеуі мен беделінің нығая түсуінің кепіліне айналғанын атап өтті.
    – Біз биыл мемлекетіміздің әскери құрылымының бағыты мен оны әрі қарай дамытудың міндеттері белгіленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринаны, Қарулы Күштерді дамытудың тұжырымдамасын бекіттік. Осы құжаттарды іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен бір жарым есе өсуге тиіс. Арнаулы операциялар күшінің мүмкіндіктері үш есе артатын болады, – деді Қазақстан Президенті.
    Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері киберәскерінің басқару пунктін аралап көріп, ақпараттық жүйелердің киберқорғанысын қамтамасыз етудің қазіргі мүмкіндіктерімен танысты.
    Соңында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

28 желтоқсан 2017 ж. 722 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области