ҰЛТЖАНДЫ ЖАС САРБАЗ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛАНЫ
Қазақстан Республикасының Қарушы Күштерінің Ұлттық әскери патриоттық орталығында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында «Ұлтжанды жас сарбаз» атты жиын өтіп, оған Қызылорда облысынан делегация қатысты.
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Д.Н: Назарбаева қатысқан жиынға республиканың барлық аймақтарынан жастар ұйымдарының басшылары, Қарулы Күштер ардагерлері, әскери-патриоттық клубтар мен кадет сыныптарының басшылары мен тәрбиеленушілері шақырылған.
Жиында еліміздегі әскери-патриоттық жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойылып, ведомствоаралық жұмыс жоспары бекітілді.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңесті құрылып, «Ұлтжанды жас сарбаз» республикалық қозғалыс қатарына құрметті меймандар қабылданды.