ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазалы ауданы Ү.Түктібаев ауылында Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың 100 жылдығына арналған «Мәңгі жас боп жүректерде сақталдың!» атты патриоттық әндер байқауы болып өтті.
1941 жылы майданға аттанып, ұрыс даласында жан кешкен қаһарманның ерлігін жастарға үлгі ету, насихаттау мақсатында өткен ән байқауына аудан бойынша барлығы 16 талапкер қатысты.
Ақын, сазгер Батырхан Нұрымбетов, Ұлан Қалиев және Индира Рсалиева қазылық еткен байқауда бас жүлдені Кәукей ауылынан келген Руслан Ерболатұлы иеленді. Лақалылық Нұргүл Бақыт бірінші орын алса, Тасарық ауылынан келген талапты жас Жансая Әмірбек пен кәукейлік Әнауарбек Әсетке екінші орын жүлдесі бұйырды, Ү.Түктібаев ауылынан қатысқан Гүлайна Төлебаева мен қожабақылық Кәмила Қожахмет үшінші жүлде иегерлері атанды.
Қалған талапкерлерге арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды