Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР БАТЫР РУХЫН ҰЛЫҚТАДЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР БАТЫР РУХЫН ҰЛЫҚТАДЫ


    Қазалы ауданында Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Бір күн бұрын батыр есімімен аталатын ауылда «Ерлік жырын жырлаймыз» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы, «Мәңгі жас боп жүректерде сақталдың» атты аудандық патриоттық әндер байқауы, мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.
    Келесі күнгі шара Орынбет ишан көшесінің ашылуымен басталып, халық жиынына жалғасты. Онда батырдың өмірі мен ерлігі туралы жан-жақты айтылып, философия ғылымдарының докторы, профессор Баймырза Қожамберлиев баяндама жасады.
    Ү.Түктібаев бюстінің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов,  аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бастаған ел ағалары, республика көлемінде келген мерейтой қонақтары қатысты.
    Р.Рүстемов облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, кешегі жаһан соғысында Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғасын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін, есімі мен ерлігі Сыр елімен бірге жасап келе жатқан батыр бабамыздың мерейтойы рухани жаңғыруға өзіндік үн қосатынын айтты.
    Ауыл тұрғындары атынан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Манауов алғысын білдірді.
    Осы күні батыр құрметіне республикаға танымал облыс ақындарының айтысы өтті. 1-орынды Серік Ыдырысов жеңіп алды. 2-орынды Кенжебай Жүсіпов иеленсе, 3-орын Ержеңіс Әбдіге бұйырды.
    Бабалар рухына құран-хатым жасалып, арнайы тігілген киіз үйлерде ас берілді. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, «Қасқатөбеде» ат бәйгесі ұйымдастырылды. Аламан бәйге қорытындысында Қ.Пірімов ауылынан келген Мархаббат Күнтуов баптаған жүйрік жеңімпаз атанып, автокөлік иеленді.  






30 қазан 2017 ж. 1 460 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области