ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘСТҮРЛІ ВЕЛОЖАРЫС ӨТТІ
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі веложарыс өтті. Жарыс жаңа көпірден басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы «Сыр Ана» монументінде мәресіне жетті.
Нәтижесінде ерлер арасында Пазылбек Жақсылық (ЖСШМ) бірінші болып келсе, ардагер спортшы Берік Көпешов екінші, мектеп-интернат қызметкері Нұрбол Ситалиев үшінші орындарды иеленді.
Әйелдер арасында әуесқой спортшы Қаракөз Қизатова жеңімпаз атанды. Екінші орынды Мөлдір Арғынбаева (№43 орта мектеп) алса, үшінші орын Алтынай Жақыповаға (№211 орта мектеп) бұйырды.
«Белсенді қатысқаны үшін» номинациясымен әуесқой спортшы Айбек Боранбаев, «Жасы үлкен қатысушы» 51 жастағы №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің қызметкері Алексей Пен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге жарыстың демеушісі «Biali sport» компанияcының естелік сыйлықтары табысталды.
Айта кетейік, дәстүрлі веложарыс әр жексенбі сайын 10.00-де басталады.