ТЕКЕЙ БАТЫР ТУРНИРІНДЕ ТҮЙЕ ПАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ
«Евразия» спорт кешенінде Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық турнир өтті.
Турнирге Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 22 палуан қатысқан болатын.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастарды ұлттық мәдениетке тәрбиелеуді көздеген жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және демеушілердің қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Түйе палуандар арасында өткен республикалық турнирдің нәтижесінде 1-орын Еламан Ерғалиевке бұйырды (Қармақшы) - 1,5 млн. теңге. 2-орын Мақсат Исағабылов (Қызылорда қ.) - 700 мың. 3-орын Марат Баймаханов (Қармақшы) - 500 мың