Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ


     Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай «Дін бірлігі – ел тұтастығының кепілі!» атты шағын футболдан жарыс өтті.
    Жарыста «Нұр» мешітінің бас имамы Үркімбаев Марат Дайрабайұлы сөз сөйлеп, «Рухани келісім» күніне орай және дін бірлігі – ел тұтастық кепілі тақырыбында қысқаша мәлімет беріп жастарға ыстық лебіздерін білдіріп, жарыста сәттілік тіледі.
    Жарысқа 5 команда қатысып, І орынды «Орда» әскери-патриоттық командасы, ІІ орынды «Жамағат 1» командасы, ІІІ орынды «Қармақшы» командасы иеленді.
    «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы А.Тортулов, аудандық жастар ресурстық орталығы маманы А.Жұмахмет және жарыстың бас төрешісі Б.Байшылықов жеңімпаздарға  дипломдар мен бағалы сыйлықтар беріп, шараны қорытындылады.


17 қазан 2017 ж. 1 270 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области