ЖАСТАР БАСТАМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ
Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылғы 18 қазан күні Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің мәжіліс залында жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңесте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында талқылау өтіп, жастар өзара пікір алмасты.
Шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің оқытушысы физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов, Тілдерді оқыту орталығының маманы Әсел Бақытова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы Жасұлан Тасабаев, жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жастар ісі жөніндегі комитеті жетекшілері, ҮЕҰ өкілдері қатысты.