Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ − ҚАРУЛЫ КҮШТЕР

ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ − ҚАРУЛЫ КҮШТЕР


Қызылорда мемлекеттік университетінің әскери кафедра ұжымы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы және 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері еліміздің Тәуелсіздігін қорғау күзетінде» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел бағытында өткізілген іс-шараға, Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кадрлар бөлімінің бастығы капитан А. Зейнуллаев, 5547 әскери бөлім командирінің тәрбиелік әлеуметтік құқықтар жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант В. Бабанов, 10216 «Д» әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант А. Серіков, Қызылорда мемлекеттік университеті әскери кафедрасының аға оқытушылары полполковник Ж. Кошкаров подполковник Ш. Уксикбаев және отставкадағы майор Б. Ердигаликов пен Абылайхан атындағы колледжінің «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша II-ші дәрежелі оқытушысы запастағы аға лейтенант Б. Абдибеков, Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы запастағы аға лейтенант
Р. Огай және әскери кафедра студенттері қатысты.
Ғылыми - әдістемелік семинарда жиналған Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері баяндамалары арқылы өзара тәжірбие алмаса отырып, әскери кафедра студенттерінің толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
Әскери қызметтің түрлі саласында жұмыс атқарып жүрген офицерлердің басты ұстанатын бағыты бір. Ол Елбасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Н. Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, қазақ әскерінің өсіп - өркендеу жолында бозбалалардың елді сүюге, Отанды қастерлеп, қорғауға шақыру болып табылады.
Қарулы Күштердің құрдасы ретінде өз пікірін білдірген 10216 «Д» әскери бөлім командирінің орынбасары аға лейтенант Айдар Махатұлы: «кез - келген мемлекет әскерімен айбынды. Елдің тыныштығын қамтамасыз етуде Қарулы Күштердің алар орны ерекше. Сондықтан да елді қорғау, халықтың жарқын болашаққа деген сенімін нығайту ер-жігіттеріміздің қолында.
Алдымен «офицер» шеніндегі біздер антқа берік, өскелең ұрпаққа үлгі болу арқылы, құрыштай шыныққан сарбаздар мен курсанттар қатарын тәрбиелеу әр әскери шендінің міндеті!» -деді.
Шара соңында, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ әскери кафедра бастығы Н. Увайдаев келген әріптестеріне алғысын білдіріп, естелік суреттеріне түсті.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі

13 желтоқсан 2017 ж. 1 170 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области