ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 26-СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ӨКІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
ҚР Үкіметіне Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 26-сессиясын өткізу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында "Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры" күн тәртібімен шақырылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.