Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚОҒАМДАҒЫ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ҚОҒАМДАҒЫ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ


    Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры қонаққа келді. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар театрдың орындауында   «Өзбекше би» қойылымын тамашалады.
     Қойылымда өзбек жігітін  ұнатып, жақсы көріп қалған  орыс қызының тағдыры  туралы баяндалды. Өмірлік серігінің, енесінің мейірбандылығының арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, салт-дәстүрлерін үйренеді.  Қоғамда,ы ортақ құндылықтар жайлы қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.
    ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған шарада Шымкент қаласынан келген өзбек драма театрының директоры Икрам Хашимжанов өңіріміздегі өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне Алғыс хат табыстады.
    Шараның соңында қатысушылар концерт тамашалап, көңілді кеш сыйлаған Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театрына алғысын білдірді.






11 желтоқсан 2017 ж. 988 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области