Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨЛКЕНІҢ РУХАНИ ТАРИХЫН ТАНУҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ

ӨЛКЕНІҢ РУХАНИ ТАРИХЫН ТАНУҒА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ


    Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Отансүйгіштік сезімнің кіндік қаны тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. Мемлекет басшысы аталмыш бағдарламаның мәнін түсіндіре келіп, ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына, туған жердің тарихын танып білуге назар аударған болатын.
    Осыған орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен аймақтың тарихи-өлкетану мұражайының қолдауымен  этномәдени бірлестіктерге арналған экскурсия өтті. Оған облыс әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, этномәдени бірлестік жетекшілері, мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
    Экскурсияның басты мақсаты маңызы жоғары мақалаға үн қоса отырып, қатысушылардың танымдық көзқарасын, ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихын, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту.
    Бүгінгі таңда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында 56 мыңнан астам экспонат бар. Музей орналасқан бұл ғимараттың өзі 1953 жылы салынған қаламызды көркейтіп тұрған архитектуралық көне ескерткіштердің бірі. Көне ескерткіш – Сыр бойының өткені мен бүгінің баяндайтын үлкен мәдениет орталығы болып табылады. Айта кету керек, мұражайдың археологиялық топтамалары 1980 жылы қалыптаса бастаған. Оған облыс аумақтарына жүргізілген археологиялық – қазба экспедициялары жұмыстары кезінде табылған 2915 экспонат кіреді. Олардың көбісі баға жетпес заттар болып табылады. Жалпы алғанда мұражай қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік әшекей бұйымдар, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай.
    "Туған жер" бағдарламасы аясындағы облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің келесі аялдамасы Сырдарияның бойындағы "Қорқыт ата" ескерткіші болды. Өз кезегінде этнос өкілдері ұйымдастырушыларға өлкеміздің рухани тарихын біліп, тереңірек тануға ықпал жасағаны үшін алғысын білдірді.






31 қазан 2017 ж. 1 530 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области