Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ


    Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тамыз айында «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция өңірдің түрлі этнос өкілдеріне киелі жерлерді көрсетіп, олар арқылы бүкіл диаспораларға туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтар туралы білімдерін арттыруды көздейді.
    Жоспарға сәйкес жобаның алғашқы кезеңінде экспедиция қатысушылары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысындағы Отырар, Сауран, Сығанақ сияқты орта ғасырлық қалалар, сондай-ақ Арыстанбаб және Қожа Ахмет Ясауи тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты. Экспедиция қорытындысы бойынша бейнесюжет түсіріліп, республикалық және жергілікті телеарналарда көрсетілді. Арнайы бейне роликтер дайындалып, суреттерден фотоальбом әзірленді. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне және қаладағы мәдени ескерткіштерге экскурсиялар жасалды.  
    Бүгін «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедицияның екінші кезеңі басталады. Оның аясында облыстың батыс аудандарынағы Жанкент қалашығы, Жаңқожа батыр кесенесі, Ғ.Мұратбаев мұражайы, сондай-ақ Қорқыт Ата мемориалдық кешені мен Сортөбе қалашығы сияқты рухани ескерткіштер тарихымен танысу жоспарлануда. Экспедиция құрамында этномәдени бірлестік белсенділері, облыстық ассамблея құрылымдарының өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, БАҚ және шығармашылық зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдері бар.

01 қараша 2017 ж. 1 309 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области