Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ФОРУМҒА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН 4 МЕЦЕНАТ ҚАТЫСТЫ

ФОРУМҒА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН 4 МЕЦЕНАТ ҚАТЫСТЫ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Astana Music Hall кешенінде Қайырымдылық ұйымдарының республикалық форумы өтті.
    Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының қорытындысы шығарылып, қайырымдылықты дамытудың және «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
    Одан басқа, іс-шара аясында биылғы жылы Мемлекет басшысы азаматтардың меценаттық және қайырымгерлік қызметті дамытудағы еңбегін көпке таныту және ынталандыру үшін тағайындаған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі тұңғыш рет салтанатты түрде тапсырылды.
    Қызылорда облысынан 4 меценат форумға қатысты. Атап айтсақ, «Ел Арай» қайырымдылық қорының директоры Асхат Байдәулетов, «Alef trade» ЖШС директоры Венера Гафурова, «Т-Т Құрылыс-Сервис» ЖШС директоры Темір Бисембаев, «Ақжарма 2» ШҚ төрағасы Марат Бисенов Алғыс хатпен марапатталды.
    Ал, Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі, меценат Венера Гафурова «Жомарт жан» төсбелгісін иеленді.





12 желтоқсан 2017 ж. 888 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области