Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ


    Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық байқауы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап қолға алынған жобаға ағымдағы жылы барлығы 2000 оқушы белсенді түрде атсалысты.
     Байқау үш бағыт бойынша жүргізілді. Біріншісі «Асыл сөз» мектебі» облыстық «Шешендік өнер» байқауына – 32, екіншісі  «Кемел елдің кемеңгер қаламгерлері» республикалық шығармалар байқауының өңірлік кезеңіне – 28, үшіншісі  «#Мыңбала2017» видеролигіне – 45 бала қатысты.
    Байқаудың мақсаты – этнос топтарының жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнердің мұраларын насихаттау, тілге шешен сөз шеберлерінің өнеріне қолдау көрсету. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелейтін, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты арттыратын, елімізге қамқор болуға баулитын эссе мен өлеңдер жазу және оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілетін дамытуға қолдау көрсету болып табылады.
    Байқауға аудандардан, Қызылорда және Байқоңыр қаласынан 8-11 сынып аралығындағы түрлі этнос өкілдерінің оқушылары қатысты. Қазылар алқасының құрамын белді де беделді, өз саласының білгірлері филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аман Абасилов, облыстық ішкі саясат басқармасы «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК-ның маманы Ләззат Ортаева, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, ҚР Қоғам қайраткері Уәйіс Ержан Үбәйдаұлы болды. Қатысушылардың шығармалары қазақ тілінде ұсынылып, әділ қазылар жеңімпаздарды анықтады.
    Нәтижесінде, әр номинация бойынша жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Асыл сөз» мектебі» облыстық «Шешендік өнер» байқауы бойынша бірінші орынды – Сырдария ауданы №36 орта мектебі, екінші орынды – Шиелі ауданы №252 орта мектебі, үшінші орынды – Жалағаш ауданы №31 орта мектебі мен Қызылорда қаласы №3 мектеп гимназиясы иеленді.
    «Кемел елдің кемеңгер қаламгерлері» республикалық шығармалар байқауының өңірлік кезеңінде бірінші орынды – Сырдария ауданынан Нүргүл Уәкілова, екінші орынды – Жалағаш ауданынан Тимур Ли қанжығасына байлады.
    «#Мыңбала2017» видеролигі бойынша бірінші орынға – Арал ауданынан Ринат Чумаш, екінші орынға – Қармақшы ауданынан Гүлханым Мардиева, үшінші орынға – Жалағаш ауданы лайық деп танылды.
    Облыстық байқаудың жеңімпаздары республикаға жолдама алды.
    Облыстық Қазақстан халқы
    ассамблеясының баспасөз қызметі






14 қараша 2017 ж. 1 213 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области