Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ

«ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ» ФОРУМЫ ӨТТІ


    Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Осыған орай Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жалағаш ауданында ұйымдастырылған «Жастар-туған жерге!» атты форумда ел дамуына кейінгі толқынның қосар үлесі жайлы айтылды.   
    Форумның «Жастар рухани жаңғыру жолында» тақырыбындағы І секциясында айтыскер ақын А.Рахметов, «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының төрағасы А.Сабанбаев хабарлама жасады. Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа бағыты» тақырыбында ІІ секция жұмыстары жүргізілді. Онда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Алдабергенов хабарлама жасап, жастарды әлеуметтік қолдау, олардың адами капиталын дамытуда мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобалар туралы ақпар берді. «Цифрлы Қазақстан – ХХІ ғасырдың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында мәдениет және өнерді дамыту орталығында ІІІ секция жұмыстары жүргізілді. Секция жұмыстарына ІТ маман Ф.Әбжаппаров, «Гранд Мастер» бағдарламалық мектебінің директоры А.Қуанышбаев, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ж.Серіков қатысты.
    Форум аясында жеке кәсіпкер Е.Жайлыбаевтың техникалық қызмет көрсету орталығының ашылуы өтті.


11 желтоқсан 2017 ж. 740 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области