БОЛАШАҚ ЖАСТАР ҚОЛЫНДА
Қармақшы аудандық «Жыраулар үйінде» «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар-мәңгілік ел болашағы» атты жастар слеті өткізілді.
Слет аясында ауданымыздың белсенді жастары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы насихаттады.
Шара аясында «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің психологы Құралай Алданазарованың бастамасымен «Мәңгілік ел» жалпыұлтық идеясы – ұлт мұрасы» тақырыбында семинар-тренингі ұйымдастырылды.
Слет қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитов ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге қосқан үлесі үшін біршама жастарды аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Олардың қатарында Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов бар.
Ержан ӘБІЛДАЕВ,
Қармақшы аудандық
пробация қызметінің бастығы.