Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ


    Ғалымқайыр Мұтанов Мемлекет басшысына оқу орнындағы ІТ және жаңа технологиялар саласындағы жобалардың іске асырылу барысы жөнінде мәлімдеді.
    Кездесу барысында университеттің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері және "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдаудың басым бағыттарына сәйкес кадрлар даярлаудың барысы талқыланды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
    Мемлекет басшысы университет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін атап өтіп, жаһандық экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайына бейімделген жас мамандарды оқыту ісіндегі жоғары оқу орындарының рөліне баса назар аударды.
    "Сіз көп жылдан бері еліміздегі ең ірі және басты университеттердің бірін басқарып келесіз. Мұнда шетелден келіп оқитын студенттер бар. Университет еліміздің жоғары оқу орындары арасында жоғары рейтингке ие болып отыр", – деді Қазақстан Президенті.
    Ғалымқайыр Мұтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа университетті трансформациялау және оқу үдерісін заманауи талаптарға бейімдеу нәтижелері жөнінде баяндады.
    "Біздің негізгі мақсатымыз – оқу орнын әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру. Соған орай жетекші мамандар даярланып қана қоймай, ғылым мен инновацияны дамыту мәселесі де қамтылатын болады. Жалпы, университеттер инновациялық экономиканың драйвері болуға тиіс", – деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры.
    Ғ.Мұтанов Мемлекет басшысына ІТ және жаңа технологиялар саласындағы жобалардың іске асырылу барысы жөнінде мәлімдеп, оқу орнының базасында құрылған IT-технопаркі аясында университетаралық өзара ықпалдастықтың орнағанын айтты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының мәліметіне сәйкес, бүгінде осы оқу орнындағы студенттердің 60 пайыздан астамы жаратылыстану ғылымдары бойынша білім алуда.
    Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

28 ақпан 2018 ж. 691 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области