Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕXНОЛОГИЯЛАРҒА НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ БЕРІП ОТЫР - САРАПШЫ

ЕЛБАСЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕXНОЛОГИЯЛАРҒА НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ БЕРІП ОТЫР - САРАПШЫ


    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауында негізгі он басымдықты атап өтті. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, Мемлекет басшысы цифрлық дәуірден қалмау қажеттігіне баса назар аударып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
     «Президент атап кеткен он негізгі басымдықтың түйіні, ол - цифрлық дәуірдің болатыны. Цифрлық теxнологиялар барлық салаларда болады. Мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болады деген сөз. Қазіргі кезде төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Әлем елдері цифрлық теxнологияларға бет алды», - деді әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің  басшысы Алуа Жолдыбалина.
    Осы орайда сарапшы ақпараттық теxнологияларды мемлекеттік басқару саласына енгізу мәселесіне баса назар аударды. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға болады.
    «Бұдан бөлек, цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда xалықтың пікірі ескеріледі. Мәселен, біздегі электронды үкімет - цифрлық дәуірдің бір көрінісі. Қазіргі кезде біз анықтаманың бәрін электронды жүйе арқылы аламыз. Ал "ашық диалог" арқылы министрлерге сұрақ қойып, сан алуан мәселелерді талқылаймыз. Бұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетеді», - деді А.Жолдыбалина.
    Оның айтуынша, цифрлық теxнологияларды енгізу саласындағы шаралар ары қарай жалғаса береді. Ендігі кезекте аймақтарда ақпараттық теxнологияларды кеңінен дамыту қажет. Соның арқасында әкімдердің жұмысын басқаруға ғана емес, жергілікті жерде атқарылып жатқан шаруаларды да бақылауға болады.
    «Президенттің негізгі түйіні сол, қазіргі кезде кез келген саланы цифрлық теxнологиялардың негізінде дамыту қажет. Соның арқасында жұмыстың сапасы артады», - дейді сарапшы.

10 қаңтар 2018 ж. 988 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области