Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ЖАҚЫНДАТУ КЕРЕКТІН ТАПСЫРДЫ

ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ ЖАҚЫНДАТУ КЕРЕКТІН ТАПСЫРДЫ


    2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Бұл жайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылды.
    «Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек», - деді Қазақстан Президенті Жолдауында.
    Осы ретте Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу жоғарыда аталған мәселені реттеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтеді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігіне назар аудартады.

10 қаңтар 2018 ж. 851 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области