Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЗДІК БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІСІ АНЫҚТАЛДЫ


    Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мұғалімдердің рухани басымдылығы мен көркемөнерін дамыту, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мұғалімдерді анықтау және үштілділік саясатының насихатталу белсенділігін арттыру, ағылшын тілін оқыту процесінде оқушыларға тілді дұрыс үйрету мақсатында ағылшын тілі пәні бірлестік жетекшілерінің арасында «Үздік бірлестік жетекші - 2017» қалалық байқауы ұйымдастырылды.
    Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар тест тапсырды, «Елін сүйген - Елбасы» тақырыбында эссе жазды және жаңартылған бағдарламасына сәйкес панорамалық сабақ көрсетіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.
    Байқауға қатысушыларды бағалау үшін әділ қазы мүшелері М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы –Ләззат  Фазылова, №8 орта мектептің ағылшын тілі пәні бірлестік жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі – Айзат Камалатдин және №101 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Edustream» Халықаралық баспасының Қызылорда облысындағы өкілі – Дина  Садирбаева қазылық етті.
    Нәтижесінде дәрежелі І орынмен №235 орта мектептің ағылшын тілі пән мұғалімі Айнұр Өмірзақова марапатталды. ІІ орынды №235 орта мектептің ағылшын тілі пән мұғалімі Дина  Өтеген  және ІІІ орынды «Мұрагер» мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі Айнұр Сыдыкова жеңіп алды.

30 қараша 2017 ж. 1 379 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области