ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ
Бүгін Жаңақорған кентіндегі №110 мектеп – лицейінің бастамашыл топ өкілдері білім ошағында «Жаңа әліпбиі - әлемдік өркениетке жол» атты жиын өткізді.
Мектеп – лицей директоры А.Таждинов Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын латын әліпбиіне көшу мәселесі жайлы жан –жақты айтып өтті.
Бастамашыл топпен кездесуде ойларын ортаға салған орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Байсалова, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Р.Мұқанова латын графикасының ұтымды жақтарын басты назарға салды.
Елбасының латын графикасына көшу саясатын мектеп – лицей ұжымы қызу қолдады.