АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУІН ҚОЛДАЙДЫ
Соңғы уақытта біздің қоғамда қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі белсенді түрде талқылануда. Менің ойымша, латын қарпіне көшу – бұл уақыт талабы. Бұл әлемдік өркениетке жол ашады. XXI ғасыр латын қарпі әлемдік ғылымның, техника мен интернеттің, ақпараттық кеңістіктің тілі.
Қазақ әліпбинің жаңғыруы кириллицадан мүлдем бас тарту дегенді білдірмейді. Біздің елімізде үш тілде білім беру саясаты жүруде. Орыс тілі ресми түрде қарым-қатынас тілі. Бұл тұрғыда Елбасының ұстанымы айқын. Орыс тілі әлемдік тіл ретінде біздің елімізде мәдени-тарихи тамырын жайған тіл ретінде қазақстандық қоғамда маңызды рөлге ие бола бермек.
Қазақстан бүгінде латын қарпін қолданып отқан өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен, тиімді түрде көшеді деуге болады. Қазақ тілі уақыт талабына сай дамып, әлемге танымал тілге айналады. Біз қазақ тілінің латын қарпіне көшуін қолдаймыз.
Галина ЩЕРБАКОВА
«Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы»
қоғамдық бірлестігінің жетекшісі