Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ


    Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы баспасөз мәслихаты өтті.
    Онда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің профессоры, филология ғылымының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы жалпы халықтың талқысынан өткен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің Елбасы Жарлығы арқылы ұзаққа созбай бекітілгеніне оң көзқараста екендігін айтты.
    - Мен екінші нұсқаны қолдадым. Біріншіден, мұнда қазақ тіліне тән дыбыстардың бәрі толық таңбалық жағынан қамтамасыз етілген. Екіншіден, төл дыбыстарымыз апостроф арқылы берілген. Осы тұста айта кететін бір нәрсе – кейбір азаматтарымыз апострофтың өзі жазуға қиындық келтіреді деп жатады. Ол дұрыс емес, себебі, апострофы бар дыбыс компьютерде бір таңба арқылы берілетін болады. Сондай-ақ, Республикадағы барлық баспаханаларды ең қажетті деген оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, нұсқаулықтарды, әсіресе қалта әліппесін шығаруға жұмылдыру қажет. Жоғары оқу орындары жанынан қысқа мерзімді курстар ашылып, онда обылыс орталықтарындағы оқу орындарынан келген қазақ тілі мамандарын оқытып шығару керек деп ойлаймын, - дейді Ж.Сәдуақасұлы.  
    Жиын соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген жиынға қатысушылар қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарына сәттілік тілеп,  жұмыстарды іске асыруда  белсене араласуға шақырды.
    Фариза ОМАРОВА

31 қазан 2017 ж. 766 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области