ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ — ТІЛІМІЗ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ИГІ ҚАДАМ
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен «Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Кездесу отырысын «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Маманова Айдана Тұрсынбайқызы жүргізіп отырды. Отырысқа ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалының төрағасы Өркен Исмайл Әзімханұлы арнайы шақырылып, өз ойын білдірді.
Ұлт зиялылары Ә.Бөкейханов, А Байтұрсынұлы,М.Дулатов т.б көптеген ел мен тіл жанашырлары қазақ әліпбиін құруға көп еңбек сіңірген болатын. Бүгін халқымыз өз алдына дербес тәуелсіздігін алған күнде сол ата – бабаларымыздың салып кеткен соқпағына қайта үнілгендей. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев өзінің «рухани жаңғыру – болашаққа бағдар атты көлемді мақаласында «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп – өркендеуіне әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жетуіне жол ашады» деген болатын.
Алғашқы сөз кезегін «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалының төрағасы Өркен Исмайл Әзімханұлына беріліп, ол кісі латын әліпбиіне көшу – жаңа заман талабына ілесу. Бұл үрдіс қазақ еліне ешқандай жат еместігін,тамыры сонау ежелден таралғаның тарақтап,елбасымыздың көреген көшбасшы ретінде «рухани жаңғыру –болашаққа бағдар» атты мақаласы халықты бастауы айқын сара жолға бастайтының атап көрсетті.