Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ


    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына байланысты ақпараттық сағат өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
    Кітапханашы Ұмытшақ Бисенова Елбасы жолдауындағы көрсетілген 10 міндетке тоқталып өтті.
     - Елбасымыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстанға жолдауынан тың жаңалықтар күтіп, болашаққа сенімімізді ұштайтынымыз рас. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында 10 міндетті алға қояды. Соның ішінде адами капиталдың сапасы, жаңа білімді меңгертуге бейімдеуге баса назар аударылды. Білім саласында жаңартылған мазмұн, оқытушылардың біліктілігін арттыру, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, әлемдік университет кампустарын ашу, жастарымыздың интеллектуалды қабілетін арттыру қажеттігі айтылды. Жолдау тапсырмаларын орындауға ат салысу әрбір қазақстандықтың міндеті деп білемін, - деді ол.
    Кітапхана қызметкерлері болашаққа тың серпіліс беретін Елбасы жолдауын әрдайым қолдап, оқырмандарға насихаттау мақсатында оқу ғимараттарында орналасқан қызмет көрсету бөлімдерінде «Елбасы жолдауы – жаңғыру жолы», «Төртінші өнеркәсіптік революция - дамудың жаңа мүмкіндігі», «Жаңа ғасыр және сандық технология» тақырыбында арнайы көрмелерді оқырмандар назарына ұсынуда.

22 қаңтар 2018 ж. 931 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области