Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢАША ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ

ЖАҢАША ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ


    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылауға арналған өткен баспасөз конференциясында саясаттанушы Сәулет Сахиев айтты.
    Ол қазіргі басты міндет жаңа технологияларды түрлі салаларға ендіру екендігін атап өтті. Рас, жаңа технологиялар, инновациялар, ІТ жүйелері қолданыста бар. Бірақ, әлі де болса, оларды ендіру мәселесі баяу жүруде. Сондықтан, түрлі салаларды жаңа технологиямен қамту, өндірісті автоматтандыру алға қойылатын басты мақсатымыз болуы керек. Елбасы сонымен бірге, білім саласына көп көңіл бөлуді міндеттейді.
    – Мәселен, Жапонияда 2 сыныптан бастап оқушыларға ғылыми жоба жаздыртады. Бұл жұмыстар баланың ойлау қабілетін, интеллектісін жоғарылатады. Қазіргі таңда, бұл тәжірибе біздің мектептерде де жүзеге асуда. Адам өзінің дамуында бүкіл мүмкіншілігін көрсету қажет. Елбасы осы жайтқа мән береді, – деді саясаттанушы.

12 қаңтар 2018 ж. 748 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области