Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМДІ НЫҒАЙТАДЫ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМДІ НЫҒАЙТАДЫ


    Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Рухани жаңғыру" орталығы "атамекен және ақпарат толқыны" бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Әшірбекова айтты.
    – Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралуға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Біз жыл сайынғы Елбасы жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз, – деді ол.
    "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын жолдау біріншіден "Қазақстан-2050" даму стратегиясына, 100 нақты қадам Ұлт жоспарына негізделіп, 10 нақты міндеттерді алға қойып отыр. Мемлекет басшысы қойылған міндеттердің әрқайсысына дәл түсініктеме бере отырып, оның болашақтағы тиімділігі мен нәтижесіне тоқталған. Сондай-ақ, онда ел дамуының әр саласындағы өзекті мәселелері қамтылған.  

10 қаңтар 2018 ж. 720 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области