Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы Қазақстандағы роботталған хирургиялық орталыққа барды

Елбасы Қазақстандағы роботталған хирургиялық орталыққа барды

Мемлекет басшысы негізгі міндеті роботталған хирургияны құру, дамыту және оны практикалық медицина саласына енгізу болып саналатын орталықтың жұмысымен танысты деп хабарлайды Акорда.

Нұрсұлтан Назарбаев медицинада инновациялық шешімдерді қолданудың маңыздылығына тоқталып, роботталған хирургия орталығында жасалатын оталардың бүкіл өңір үшін бірегейлігін атап өтті.
– Мұндай үлкен бастама халқымыздың игілігіне бағытталған. Медицина саласын роботтандыру мамандарымыздың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай орталықтың ашылуы – отандық денсаулық сақтау саласындағы маңызды оқиға. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы орталықта ем қабылдаушылармен әңгімелесіп, Президенттің Іс басқармасы Медицина орталығының жалпы жұмысы және оны дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен құрылған роботталған хирургия орталығы медицина мамандарын даярлап, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ клиникалық сынақтар өткізіп, әлемдік деңгейдегі заманауи роботталған технологияларды қолдана отырып, ғылыми әзірлемелер дайындайды.





14 қараша 2018 ж. 698 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области