Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КОРЕЯЛЫҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ САПАРЫ

КОРЕЯЛЫҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ САПАРЫ


Кеше облыстық медицина орталығында Корея мемлекеті мамандарының қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан медициналық туризм бойынша жетекші еуразиялық орталыққа айналуы тиіс» деген болатын. Қазір осы міндеттің орындалуына елімізде, соның ішінде Сыр өңірінде де облыс әкімінің қолдауымен алғы¬ шарттар жасалды. Атап айтқанда, шет мемлекеттің клиникаларымен тәжірибе алмасу, мамандар даярлау, олардың білікті мамандарын шақыру қолға алынды. Бұл орайда Корея мемлекетімен жасалған меморандум да өз жемісін беруде, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Облыс орталығына арнайы келген кореялық мамандар қатарында онкология және гемоталогия орталығының директоры Санг Ил Ким, эндоскопиялық хирургия орталығының директоры, профессор Парк Джай Серк, онкология және хирургия орталығының директоры, профессор Бай Биенку, эндоскопиялық мейірбике Ким Хион Жин және хирургиялық мейірбике Джанг Со Еонг бар.
Жиында онкология және гемоталогия орталығының директоры Санг Ил Ким сөз алып, қызылордалықтардың қонақжайлылығына, кішіпейілдігіне ризашылығын білдіріп, әріптестік байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасағаны үшін облыс әкімдігіне алғысын айтты.
Кореялық маманның айтуынша, өзі басқаратын онкология және гемоталогия орталығы Сеулдегі ең ірі медициналық ұйымның бірі. Ол 1941 жылдан бері жұмыс жасайды. Гастроэнтерология, неврология, лапароскопиялық оталар, омыртқа жүйесіне оталар жасауда ең жоғары деңгейге жеткен клиникалардың бірі.
Шара барысында кореялық мамандарға қазақ халқының салтдәстүрі, әдет-ғұрпы, табиғаты бейнеленген бейнеролик көрсетілді. Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов Санг Ил Кимге арнайы алғыс хат табыстады.
Онан соң кореялық мамандар онлайн режимде ота жасап, шеберлік класын өткізді. Бірінші рет тік ішек пен асқазанға лапароскопиялық ота жасалды. Екі күн бойы кореялық мамандар оннан астам ота жасап, науқастарға кеңес берді.

04 қазан 2018 ж. 527 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области