ҚЫЗЫЛОРДАДА "ҚОРҚЫТ– ҚОБЫЗ" ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
Қорқыт–Қобыз" жобасы бойынша. 56 мәдениет үйі мен 115 клуб жанынан арнайы қобыз үйірмелері ашылады. Басты мақсат ұзандар көшін бастаған ұлы бабамен қатар аталатын киелі аспапты насихаттау, оны жастарға үйрету- деді облыс әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, "Рухани жаңғыру" жобасы бойынша өңірімізде ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылуда. Соның бірі "Өлкетану" пилоттық жобасы аясында біздің облыс арнайы оқулық дайындап, ол өзге аймақтарға үлгі ретінде көрсетілуде.
Руслан Рүстемұлы мұндай бастама Қызылордадан басқа бірде-бір өңірде кездеспейтіндігін атап өтті.
Қазір аймақта "Рухани жаңғыру" бойынша 82 жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге қатысты атқарылатын шаралар.
-Латын әліпбиін 1 аптада үйренуге болады. Дегенмен, көрші республикалардың қателіктерін қайталамауымыз керек. Сондықтан, 7 жыл тыңғылықты жұмыс жасауға уақыт беріліп отыр, - деді ол.