Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ ҰШАҚ ҚАТЫНАЙДЫ

«ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» БАҒЫТЫНДА АРНАЙЫ ҰШАҚ ҚАТЫНАЙДЫ


    Бүгінде қызылордалық «Қорқыт ата» әуежайы мен тасымалдаушы «Аэрофлот» компаниясы арасында келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Бішкек бағытына ұшатын тұрақты рейс ашу жоспарлануда. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді.
    Бүгінгі таңда, әуежайдың халықаралық бағытын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы 28 бағытта ұшақ қатынайды.
    – Жыл басынан бері әуежайдан 80 мың жолаушы ұшты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 108,7%-ға артқан, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
    Сонымен қатар, Қызылорда қаласында жаңа әуежай терминалының құрылысы жобасын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Басқарма «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС - мен Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының жоба тұжырымдамасы әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдардың оң қорытындысы алынды. Конкурсқа қатысуға «Нұр Астана Кұрылыс»ЖШС, «High Vill Kazakhstan», «Марубэни» (Жапония), «BM TRUST», «ARISTAN EPC» компаниялары қызығушылық танытып отыр.

18 қазан 2017 ж. 846 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области