Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «МАЙКРОСОФТ АКАДЕМИЯСЫ» ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНЖИНИРИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «МАЙКРОСОФТ АКАДЕМИЯСЫ» ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНЖИНИРИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ


    Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.  
    «Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру туралы тапсырмасына сәйкес біз облыс әкімдігінің ситуациялық орталығында аймақтың дамуын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер қорытындысын болжау бойынша бағдарламалық-математикалық үлгіні енгізу жұмыстарын бастадық. Оның ішінде қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығы» блогында Machinе-Learning технологиясын қолдану арқылы күріштің шығымдылығын болжау, ал су шаруашылығы саласында су тасқыны жағдайларын рельефті модельдеу бағытын дамытып жатырмыз», - деді аймақ басшысы.
    Еске салсақ, Machinе-Learning технологиясы – «Microsoft» компаниясының әлемде кең қолданылатын өнімі. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қызылорда облысы республикада бірінші боп «Microsoft» компаниясымен ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасаған болатын. Шілдеде облыста онлайн-оқыту арқылы заманауи инженерлік-компьютерлік технологиямен жұмыс істейтін жоғары кәсіби мамандарды бірлесе дайындауды бастадық. Сонымен қатар, бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында «Microsoft академиясын» құру туралы келісімге қол жеткізілді.
    «Одан бөлек, ЭКСПО аумағын қолдана отырып, біз Мәскеу болат және қорытпалар институтымен Қызылордада машина құрастыру, 3-D принтерінің көмегімен түйіндер мен детальдар өндіруге бағытталған мәскеулік ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығының баламасын құру жөнінде келіссөздер жүргізудеміз», - деді Қ.Көшербаев.
    Инжиниринг орталығында сондай-ақ композициялық қорытпа өндірісі бойынша тәжірибелі пирометаллургиялық желіні іске қосу жоспарланған.

18 қазан 2017 ж. 657 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области