Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді


Жиын барысында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
– Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бар. Осыған байланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Қарулы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайындығының және өткізілген оқу-жаттығулардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, жиын барысында қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және қорғаныс өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.
Басқосу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

04 желтоқсан 2018 ж. 522 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области