Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Назарбаев: Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар

Назарбаев: Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.«Конституциялық кеңеске берген өтінішіме байланысты қысқа ғана жауап қайтарғым келеді. 1995 жылдан бері, яғни Конституция қабылданғалы бері Конституциялық кеңеске 200 өтініш келіп түскен. Олардың 22-сі - менің президенттік өтініштерім. Бұл қалыпты процесс. Конституциялық Кеңес те сол үшін құрылған. Кеңестегілердің Конституциядағы, заңдардағы кемшіліктерді талқылауға құқығы бар. Әрине, бұл барлығы үшін қызық... Ең қызық деген сұрақтар - сайлау, транзит. Конституцияны оқыңыздар, Президент жайлы заңдарды оқыңыздар. Онда барлығы нақты көрсетілген. Мерзім келгенде сайлау өтеді. Иә, Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар. Бірақ бізде олай болмайды. Тынышталып, дұрыс жұмыс істейік» - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Конституциялық Кеңестің Президенттің өтінішін қабылдағаны жайлы хабарланған болатын. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.
05 ақпан 2019 ж. 580 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области