Тоқаев Қазақстан президенттігіне ресми тіркелген алғашқы кандидат болды

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина отырыста Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына 23 сәуірде түскенін хабарлады, сол күні ол мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растаған.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға 315 мың қол жиналды. Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті құжаттардың бәрі талаптарға сай келеді", - деп мәлімдеді Мұстафина.
Отырыс қатысушылары Тоқаевты тіркеу туралы отырыс хаттамасын қолдады.
Кандидат Тоқаевтың куәлігін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алды.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.