Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі бекітілген

Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі бекітілген

Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі бекітілген. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Орталық сайлау комиссиясы мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен нормативтік құқықтық актісі қабылданды және Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 сәуірде тіркелді. Нормативтік құқықтық актілер электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 сәуірде тіркеліп, жарияланған күннен бастап заңды күшіне енді», - деді ол.
Оның айтуынша, медициналық қорытынды кандидат медициналық куәландыру жүргізу үшін жүгінген кезден бастап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде беріледі және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы мерзімі ішінде жарамды болады. Берілген медициналық қорытындылардың есебін денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді. Оларға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ғана қолжетімділігі бар.
«Бірлескен нормативтік құқықтық актіде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі көрсетілген», - деді ОСК мүшесі.
19 сәуір 2019 ж. 556 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области