ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
Еліміздің құқықтық мемлекет ретінде қалыптастырудың басты кепілі – нормашығармашылық қызметінің жоғары деңгейде болуы.
Мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметі заңнамаларды жетілдірумен тығыз байланысты және заңнамалардың тиімді орындалуына тікелей қатысты. Жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері ең алдымен Конституцияның және заң талаптарына сай болуы қажет.
Нормативтік құқықтық актілерді тұрақты талдау ондағы қайшылықтарды анықтап, заңдарға сәйкестендіру шараларын қолдану ҚР Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Респубикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған не өздерінің құзыретіне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүзеге асырады және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдайды.
Құқықтық мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау әрі оларға өзгерістер, толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасыныңталаптарына сәйкес ведомствоаралық нормативтік құқықтық актілерге қатысты мониторинг жүргізудің нәтижелері бойынша әр жартыжылдықта жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен ұсынылған ақпараттарына талдау жүргізіліп отырады.
Актілердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында Департаментпен бірқатар іс шаралар атқарылуда. Қолданыстағы Актілерді заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тіркеуден өткен актілерге жүргізілген ревизия нәтижесімен жергілікті мемлекеттік басқару органдарына 2 актіге қатысты 2 заң бұзушылықты жою туралы ұсыныс, 4 актіге қатысты 2 ақпараттық хат жолданды.
Қағидаға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдары нормативтік құқықтық актілердің жеке нысандары бойынша қағиданың 4-қосымшасына сәйкес жылына екі рет, жарты жылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін аумақтық әділет органдарына тіркелімге сәйкес мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ кестенің көшірмесін жіберу көзделген.
Әділет департаментінде жергілікті атқарушы және өкілді органдардың заңгерлері бекітілген кестеге сәйкес үнемі тағылымдамадан өткізіледі.
Д.ШАРАПАТОВ,
Әділет департаментінің бас маманы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі