НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУДА
Елбасы «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауда қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет екендігін атап өтті.
Қазіргі танда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - белсенді жағдайға көшуді көздейтін, электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру қадамдарын қамтып отыр.
Осы бағытта, Әділет министрлігі елдің нормативтік құқықтық актілеріне азаматтардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жалпыға бірдей тегін қол жеткізуін қамтамасыз етті. Әділет министрлігінің ведомстволық сайтында «Әділет» ақпараттық-құқықтық веб-жүйесі жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі пайдалануға енгізілді. НҚА бақылау жағдайында пайдаланушыларға интернет желісінде орналасқан web-портал арқылы қолжетімді және ол нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі ресми жариялау көзі болып табылады.
Әділет министрлігінің қызметті цифрландыру бағытындағы тағы бір оң қадамы нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді автоматтандыру болып табылады.
Аталған бағыттағы мақсатқа қол жеткізу үшін 2018 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін автоматтандырудың кейбір мәселелері туралы №113 қаулысына қол қойылды.
Осыған байланысты 12 наурызнан бастап Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт министрліктеріне, Павлодар облысының әкімдіктері, мәслихаттары және Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу электронды түрде жүргізілуде.
Алдағы 1 шілдеден бастап мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді автоматтандырылған нысанда республиканың барлық аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.
Электронды тіркеу мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жүзеге асырылады. Облыстық, облыстық маңызы бар қала, аудандық, аудандық маңызы бар қалалық деңгейіндегі мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың интранет-порталына қосылған.
Автоматтандыру жүйесіне толықтай көшу мақсатында мемлекеттік органдардың интранет-порталы орнатылмаған 80 елді мекеннің (ауылдық округ, ауыл, кент деңгейіндегі) мемлекеттік басқару органдарын 2019 жылы жүйеге қосу жоспарланды.
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу рәсімін автоматтандыру бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге түзетулер енгізуді көздейді. Мәселен, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тіркелген нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау тәртіптерін реттейтін нормаларға автоматтандыру бойынша өзгерістер енгізілмек.
Г.ЖАЛҒАСБАЙҚЫЗЫ,
Қызылорда облысының
Әділет департаментінің
бөлім басшысы