БАСТЫ БАҒДАР – ЭЛЕКТРОНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауының әрқайсысының замандық тұрғыдан алғанда өзіндік маңызы зор. «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдаудың аса бір ерекшелігі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру.
Мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру, тез әрі сапалы көрсетумен қатар, жемқорлық көріністерін алдын алу.
Әділет департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бірі – Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Ресми құжаттарға апостиль қоюда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес өтініштер мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша оңтайландырылу мақсатында қызмет алушылардың құжаттарын қабылдауы электрондық түрде жүзеге асыру басты міндетіміз болып саналады.
Осыған орай, ресми құжаттарға апостиль қою үшін жүгінуші азаматтарға электронды түрде өтініш берудің тиімділігі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) сканерленген көшірмесі түріндегі апостильдеу қойылуға жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының тиімділігі әрбір азамат мемлекеттік қызмет алудағы қанағаттанарлық деңгейін арттыру. Олардың өтініштерінің қалай қарастырылып жатқаны дер кезінде сапалы жауап алуға толық мүмкіндігі болады.
А.ЖАҚСЫЛЫҚ,
Қызылорда облысы
әділет департаментінің бас маманы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі