Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ


    Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында электронды қызмет көрсетудің халық үшін тиімділігі жөнінде кеңінен айтылды. Бұл мақсатта елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, іс-шаралар жоспары айқындалды. Сырдария ауданында жүйелі жоспарлар негізінде атқарылуы тиісті жұмыстар басталып кетті.
    Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында е-gov электронды үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сырдария ауданы әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен ашық сабақ өткізілді. Кенттегі №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде және №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылған ашық сабақ барысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттары жөнінде оқушыларға мәлімет берілді. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның аудандық бөлімшесінің мамандары мектеп мұғалімдері мен оқушыларға мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ, уақыт шығындамай және тез арада алуға болатынын түсіндірді. Анықтамалар алу бойынша онлайн көрсетілімдер ұйымдастырылып, ақпараттық нұсқаулықтар таратылды. Слайд арқылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде фильм көрсетілді.
    Ашық сабақта оқушылар өз ойларын білдіріп, электронды үкімет порталының тиімділігі мен мүмкіндіктері көп екенін атап өтті. Ұйымдастырушыларға алғыс айтып, сала мамандарының кеңесінің негізінде алдағы уақытта қажетті анықтаманы мекемеге барып кезек күтпей, артық уақыт шығындамай үйден-ақ алатындарын айтты. Ашық сабақта аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау, дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы Е.Булебаев аудандық білім бөлімімен бірлесіп, өзге де мектептерде осы тектес іс-шаралар өткізілетінін жеткізді.
    Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

17 ақпан 2018 ж. 943 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области