УАҚЫТЫҢДЫ ҮНЕМДЕ
Кеше Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Уақытыңды үнемде! Электронды қызметке ауыс!» атты оқу-әдістемелік шарасы өткізілді.
Шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері колледж студенттеріне Е-gov электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі тез алу жолдарын насихаттап, әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.